Кез келген адам өз бойындағы өзіне ұнамайтын əдеттен арылуы үшін бір апта сол əдетті қайталамауы керек. Егер өзіңізді өзіңіз алдайтын болсаңыз, бастамай-ақ қойыңыз. Мысалы, сізге өзіңіздің ұннан жасалған тағамдарды жегеніңіз ұнамайды делік.(Мен үшін дəл қазір өзекті мəселе😅) Бірінші күн: тапсырмаңыз оңай, бүгін нан жемейсіз, жəне блокнотқа "М" əріпін жазасыз. Екінші күн: тапсырма тағы да сол, бүгін тағы ерлікпен күніңізді өткересіз! Блокнотыңызға бүгін "О" əріпі түседі. Қандай сөзді жазу керектігін біліп отырған шығарсыз... Егер сіз өз сөзіңізде тұрмай, байқаусызда тоқаш жеп қойсаңыз, өз мініңізді өзіңіз біліп, барлық əріптерді өшіріп, қайта басынан бастайсыз! Егер адал болмасаңыз өзіңізді ғана алдап отырғаныңызды есіңізге түсіріңіз. Бір аптадан кейін блокнотыңызда "МОЛОДЕЦ" сөзі толығымен жазылып шығады.(Егер өзіңізді ұстай алмай, шартты бұзып қойсаңыз, сізге көбірек уақыт қажет.) Бұл əлі басы ғана, яғни сіз үш "МОЛОДЕЦ" сөзін жинау керексіз. Бұл деген 3апта, 21күн сіз өз өзіңізге берген уəдеңізде тұрасыз. Нəтижесінде сіздің блокнотыңызда 3еселенген МОЛОДЕЦ.💃💃💃 Ең бастысы сіз өзіңізге ұнамайтын əдеттен айырылдыңыз, өзіңізді жеңдіңіз. Яғни сіз кез келген жаңа əдеттерді қалыптастыруға болатынын көрсеттіңіз. Енді сіз өз сөзінде тұратын, алдына қойған мақсатына оңай жететін тұлға ретінде қалыптастыңыз. 🕴🕴🕴 Бұл əдісті өз өміріңіздің əр түрлі жағдайларына пайдаланыңыз. Өз-өзіңізді басқарған өте тамаша екенін түсінесіз!